419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда төңкеріс жасамақ болған 337 адам өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді

  • 215
  • UPD: 13:24, 27.11.2020
Түркияда төңкеріс жасамақ болған 337 адам өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді

Тағы 60-сы әртүрлі мерзімге сотталды. 75 күдікті ақталды.

Олар 4 жыл бұрын Анкара маңындағы Акинджи әуе базасын басып алып, бас штаб басшысын кепілге алған еді. Бүлікшілердің түпкі мақсаты – президент Тайып Режеп Ердоғанды қамауға алу. Бірақ төңкеріс іске аспады. Ресми мәлімет бойынша, бүлік кезінде 250-ден астам адам қаза тауып, 2 мыңға жуығы жарақат алған. Көтерілісшілердің тергеу ісі 2017 жылы басталған. Тіпті 1 жарым мың адамға арналған сот залы салынды.

Әли Калин, сотталған ұшқыштың әкесі:

– 4 жылға созылған бұл соттың еш мағынасы болмады. Тек айыптаушы жақтың айғақтары ғана ескеріліп, қорғаушы тараптың дәлелдері назардан тыс қалды. Біз бұл үкіммен келіспейміз. Әрі қарай арызданамыз. Түркия халқы бізді қолдаса екен дейміз.

Хабар 24 телеарнасы