419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалым Жер планетасының құнын есептеп шығарды

  • 138
  • UPD: 10:50, 30.11.2020
Ғалым Жер планетасының құнын есептеп шығарды Letidor

Астрофизиктің айтуынша, Жер Күн жүйесіндегі ең қымбат ғаламшар екен.

Санта-Крузда орналасқан Калифорния университетінің астрофизигі Грег Лафлин өз формуласын құрастырып, соған сәйкес Жер планетасының құнын есептеп шығарған. Оның есебінше, адамдар өмір сүретін ғаламшар 5 квадриллион доллар тұрады. Бұл туралы Mail Online хабарлайды.

Өзінің есебінде ғалым Жердің массасын, температурасын, жасын және өмір сүруге мүмкіндік беретін өзге де көптеген факторды пайдаланған.

Осылайша Жер Күн жүйесіндегі ең қымбат ғаламшар атанған. Мысалы, Марстың құны 16 мың долларға тең екен.

«Қызыл ғаламшардың құнының дәл осындай төмен болуы өмір сүруге ешбір жағдайдың жоқтығымен байланысты», – дейді Лафлин.

Ал Шолпанның бағасы небәрі бір цент қана.

Астрофизиктің пікірінше, құны 80 млн доллардан кем тұратын планеталарды адамдарды көшіруге болатын ғаламшар ретінде қарастырудың да қажеті жоқ.

Хабар 24 телеарнасы