419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мамандар әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін ескертті

  • 308
  • UPD: 12:10, 01.12.2020
Мамандар әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін ескертті

Әлемде коронавируске шалдыққан жаңа науқастардың саны қыркүйек айынан бері алғаш рет қысқарды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлайды.

Әсіресе кәрі құрлық елдерінде вирустың бәсеңдеуі байқалады. Мамандар бұл қатаң локдаунның нәтижесі дейді. Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты өздігінен антибиотиктерді қабылдаудан аулақ болуға шақырады. Мамандар «бұл жаңа пандемияның басталуына түрткі болуы мүмкін» деп дабыл қағады. 

Сарапшылар да «антибиотиктер мен вируске қарсы препараттарға төзімді микроағзалардың пандемиясы» болуы мүмкін дейді. Сондықтан ұйым өкілдері вирустың ешқайда кетпейтінін айтып, халықты онымен өмір сүруге дағдылануға шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы