419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус алғаш рет Қытайда емес, АҚШ-та тіркелген болуы мүмкін

  • 122
  • UPD: 16:13, 02.12.2020
Коронавирус алғаш рет Қытайда емес, АҚШ-та тіркелген болуы мүмкін ria.ru

АҚШ тұрғындарынан жиналған 2019 жылғы желтоқсандағы ретроспективті зерттеулер нәтижесі COVID-19 елде Қытайдан бұрын анықталғанын дәлелдейді.

Мақала Clinical Infectious Diseases журналында жарияланды.

Қытайдағы ресми өкілдер Уханьдағы жұмбақ пневмония жағдайы туралы 2019 жылдың 31 желтоқсанында жариялады. АҚШ-та COVID-19 вирусын растаған алғашқы дерек 2020 жылдың 20 қаңтарында Қытайдан келген Вашингтон тұрғынынан тіркелді.

АҚШ-тың Аурулардың бақылау және тексеру орталығының (CDC) зерттеушілері 2019 жылдың 13 желтоқсаны мен 2020 жылдың 17 қаңтары аралығындағы 7000-нан аса донорлық қан үлгілерін зерттеп шықты.

Олардың 106-сынан SARS-CoV-2 вирусына қарсы антиденелерді қамтитыны анықталған. Оның ішінде Калифорнияда 39, Коннектикут, Айове, Массачусетс, Мичиган, Род-Айленд және Висконсин штаттарында 67 оң нәтиже анықталды.

«Зерттеу нәтижелері COVID-19 АҚШ-қа болжамдағыдан ерте 2019 жылдың желтоқсанында келуі мүмкін», – деп жазады мақала авторлары.

Алайда вирусологтар қандағы антиденелер адамның ауырғанынан белгі бермейтінін және ол ауру белгісі бар адамдармен байланыста болғанын білдіретінін айтады.

Сонымен бірге авторлар бұл адамдардың Қытайға барып-келіп, сол жақтан жұқтыруы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Өйткені вирустың Қытайда 2019 жылдың қараша айынан бастап жүргені туралы деректер бар.

Ғалымдар қанында антиденелері бар адамдармен байланыста болғандармен бірге зерттеу жасамақ ниетте. Антиденелер табылған жандардың 2019 жыл соңында саяхатқа шыққан-шықпағаны, олардың коронавирус белгілеріне ұқсас күй кешкенін-кешпегені анықталмақ.

Сонымен бірге авторлар SARS-CoV-2 вирусының генетикалық материалын тексеру мақсатында бұл жандардың сол уақыттағы сілекейі мен қанын зерттеуге бел буды.

Хабар 24 телеарнасы