loader

Германияда локдаун мерзімі 10 қаңтарға дейін ұзартылды

Германияда локдаун мерзімі 10 қаңтарға дейін ұзартылды

Германияда локдаун мерзімі қаңтардың онына дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Канцлер Ангела Меркель мен федералдық өңірлердің басшылары осындай шешім қабылдады. Бұл театр, мұражай, фитнес залдары, дәмхана мен мейрамханалардың ашылмайтынын білдіреді. Ел тұрғындарының көбі қашықтан жұмыс істейтін болады. Індет өршіп тұрған өңірлерде билік жаңа шаралар енгізуді көздеп отыр. Мәселен Хемнитц, Дрезден, Лейпциг, Пассау және Нюрнберг қаласының тұрғындарына бейсауат үйлерінен шығуға тыйым салынды. Тек жұмыс пен дәріханаға барып, азық-түлік сатып алуға рұқсат бар.

Лотар Вилер, Роберт Кох атындағы институттың басшысы:

- Германиядағы ахуал әлі күрделі. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы апталарда ауруды жұқтыру санын тұрақтандыра алдық. Мұны жетістік деп атауға болады. Карантин шараларын енгізбегенде, жағдай бұдан едәуір ауыр болатынын ерекше айтқым келеді. Дегенмен, әлі күнге дейін вирус көп адамға жұғып жүр. Сондықтан ең тиімді шаралардың бірі халықтың жиналуына тыйым салу болып тұр.

Сондай-ақ...