433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парижде ереуіл полициямен қақтығысқа ұласты

  • 166
  • UPD: 14:26, 13.12.2020
Парижде ереуіл полициямен қақтығысқа ұласты

Францияда ереуіл басылар емес. Наразылық акциясы елдің бірнеше қаласында өтті. Париждегі шеру соңы полицейлермен қақтығысқа ұласты.

Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, наразылық акцияларына 26 мыңнан аса адам қатысқан. Алайда ұйымдастырушылар ереуілге 133 мың адамның шыққанын айтады.

Тәртіпсіздіктер кезінде 150-ге жуық адам қамауға алынған.

Айта кеткен жөн, қарашаның соңында Франция парламентінің төменгі палатасы «Жаһандық қауіпсіздік туралы» заң жобасын мақұлдаған. Сол уақыттан бері елде ереуілдер басылмай тұр. Құжатта полицейлердің суретін ғаламторда жария еткені үшін 45 мың еуро айыппұл немесе бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Наразы топтың айтуынша, құжат халықтың сөз бостандығын шектейді. Ал журналистер «құқық қорғаушылардың қатысуымен түсірілім жүргізу қиындауы мүмкін» деп отыр.    

Мириам, ереуіл қатысушысы:

- Полицейлердің халыққа озбырлық көрсететінін білеміз. Ал, енді олар «Жаһандық қауіпсіздік туралы» заңды пайдаланып, ойларына келгенін істейді.

Хабар 24 телеарнасы