Яғни жасыл құрлық халқы 14 күндік карантинге жабылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы Жаңа Зеландия Премьер-министрі Джасинда Ардерн мәлімдеді. Осы мақсатта қауіпсіз саяхаттау аймақтары ашылмақ. Бірақ үкімет басшысы сапардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әлі бірқатар мәселе пысықталуы керек деп отыр. Мысалы, Австралияда індет қайта өршісе, ел азаматтарын елге қайтару жолы ескерілуі керек дейді ол. Шараның басталуы жаңа жылдан кейін жарияланбақ.
Айта кетейік, Жаңа Зеландияда індет таралғалы вирусты 1 жарым мыңнан астам адам жұқтырған.