423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Башқұртсанда қарттар үйіндегі өрттен 11 адам көз жұмды

  • 114
  • UPD: 14:15, 15.12.2020
Башқұртсанда қарттар үйіндегі өрттен 11 адам көз жұмды

Башқұртстанның Ишбулды ауылында жекеменшік қарттар үйінде өрт шығып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 5 тұрғын ғимараттан дер кезінде шығып үлгерген. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды 1 жарым сағатта ауыздықтады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл мекеме 2 жыл бұрын ашылған. Иесі - жергілікті тұрғын. Енді тергеу комитеті екі не одан көп адамды абайсызда өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы