420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция тұрғындарын жаппай вакциналау науқаны жыл соңында басталады

  • 104
  • UPD: 10:36, 17.12.2020
Франция тұрғындарын жаппай вакциналау науқаны жыл соңында басталады

Франция тұрғындарына жаппай екпе егу науқаны осы жылдың соңында басталуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел премьер-министрінің хабарлауынша, алдағы аптада Еуроодақ Pfizer мен BioNTech компанияларының препараттарын мақұлдауы керек. Саясаткер вакцинаны алғашқы болып медицина қызметкерлері мен қарт адамдар қабылдайтынын айтады. Әзірге екпенің 200 млн дозасына алдын ала тапсырыс берілді.

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

- Еуроодақтың дәрі-дәрмек бойынша агенттігінің рұқсатымен желтоқсан айының соңына қарай вакцинация науқанын бастауымыз мүмкін. Қарттар үйлерінің тұрғындары мен денсаулық сақтау саласының мамандарына бірінші болып екпе егіледі.

Препаратты екі мәрте қабылдау керек болғандықтан 200 млн доза 100 млн тұрғынға ғана жетеді.

Хабар 24 телеарнасы