Елисей сарайы ел президенті Эммануэль Макронның коронавируспен ауырып қалғаны туралы мәлімдеді.
Мемлекет басшысы полимерлік тізбекті реакция әдісі бойынша тест тапсырған болатын. Нәтиже оң болып шықты. Анықталған мәлімет бойынша Макрон жеті күнге оқшауланбақ. Алайда өзінің қызметін қашықта жалғастыра беретін болған.
Оның жақын арадағы барлық іссапары, соның ішінде Ливанға сапары да кейінге қалдырылды.
BFMTV телеарнасы таратқан мәлімет бойынша Макронның жұбайы Брижит, ел премьер-министрі Жан Кастекс және ұлттық жиынның басшысы Ришар Феран да оқшаулануға көшпек. Алайда Кастекс тапсырған тест теріс нәтиже көрсеткен.