420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Uber компаниясы тұрғындарды екпе егу орталығына тегін жеткізбек

  • 128
  • UPD: 14:05, 18.12.2020
АҚШ-та Uber компаниясы тұрғындарды екпе егу орталығына тегін жеткізбек

АҚШ-та әлемдегі алпауыт Uber компаниясы вакцинация науқанына өз үлесін қоспақ ниетте.

Таксопрак тұрғындарды екпе егу орталығына тегін жеткізуді көздеп отыр. Шара барысында 10 млн тегін сапар жоспарланған. Компания медицина мекемесіне жете алмай жүрген әрі екпеге мұқтаж жандарды анықтау үшін елдің бірнеше мекемесімен бірлесе қызмет атқармақ.

Естеріңізге салайық, такси қызметін ұсынатын компания көктемде де пандемиямен күрес жұмысына белсене атсалысқан еді. Таксопрак қарт адамдар мен медицина қызметкерлеріне тегін азық-түлік жеткізу ісімен ерекшеленген болатын.

Хабар 24 телеарнасы