Ресей президенті Владимир Путин ТМД елдері саммитінде қатысушы елдерге бірлесе отырып коронавирусқа қарсы вакцина өндіру идеясын ұсынды, деп хабарлайды РИА «Новости».
«Әрине, біз Достастықтың барлық елдеріне ресейлік вакциналарды қолдана отырып, халықты вакцинациялауға көмектесуге дайынбыз. Бұл қатарға «Спутник V» және «ЭпиВакКорона» екпелері кіреді. Жақын арада біздің басқа вакциналарымыз да шығуы тиіс», – деді Путин.
Сонымен қатар, оның айтуынша, эпидемияға қарсы бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу процесі аяқталуда.
Ресей әлемдегі COVID-19 вакцинасын тіркеген алғашқы ел болды. Препаратты Гамалея атындағы НИИЭМ Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп әзірледі. Ол «Спутник V» деп аталады.
Пандемия басталғаннан бері әлемде 74 миллион жағдай тіркелді, 52 миллион адам жазылып шықты, 1,6 миллионнан астам адам қайтыс болды.