Португалияда Жаңа жылды атап өтуге тыйым салынды. Бұған елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себеп.
Елде Жаңа жыл түні коменданттық сағат енгізіледі. Тұрғындарға түнгі 11-ден кейін тысқа шығуға тыйым салынады. Ал 1-3 қаңтар аралығында түскі 1-ден таңғы 5-ке дейін сыртта жүруге рұқсат етілмейді. Коронавирус жұқтыру деректерінің артуына байланысты бұған дейін билік төтенше жағдай тәртібін 7 қаңтарға дейін ұзартқан. Жаңажылдық мерекелер кезінде комендаттық сағат енгізу шешімін тұрғындардың көбі құптап отыр.
БЛИЦ:
- Меніңше, бұл дұрыс шешім. Вирусты жұқтыру деректерінің артып бара жатқанын бәріміз де көріп отырмыз. Билік Рождествоға шектеу шараларын қатаңдатқан жоқ. Соған рақмет айтайық. Жаңа жыл түні үйде боламыз, ештеңе етпейді.
- Биліктің шешімін құптаймын. Өйткені жағдай жақсару үшін бәріміз бірге әрекет етуіміз керек.
- Маған бәрібір. Шектеу шараларынсыз Жаңа жылды үйде қарсы аламын деп жоспарлағанмын.