419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда коронавирустың мутациясы үлкен жылдамдықпен таралуда

  • 131
  • UPD: 12:02, 20.12.2020
Ұлыбританияда коронавирустың мутациясы үлкен жылдамдықпен таралуда фото: iz.ru

Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа түрі тез таралуда.

Бұл туралы Англияның бас дәрігері, профессор Крис Уитти мәлімдеді. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ескерту жібергенін және шұғыл зерттеу жасалып жатқанын жеткізді. Әзірге мутацияның өлім-жітімге, вакцина мен емдеуге әсері жайлы ешқандай ақпарат жоқ. Коронавирустың жаңа түрінін анықталғанын өткен аптада Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок айтқан болатын. Ковидтің басқа мутациясының табылғанын Оңтүстік Африка Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі де мәлімдеп отыр. Оның да таралу қарқыны қатты.

Хабар 24 телеарнасы