423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та жанартау оянды

  • 131
  • UPD: 15:54, 22.12.2020

АҚШ-тың Гавай аралдарында қауіп-қатердің жоғары деңгейі жарияланды.

Бұған Килауэа жанартауының оянуы себеп. Сондай-ақ іле-шала жер сілкінісі де болды. Зілзала қуаты 4,4 балдан асқан. Билік маңайдағы тұрғындарға шұғыл қауіпсіз жаққа көшуді ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жанартау соңғы рет 2018 жылы атқылап, 700-ден астам үйді жойып жіберген.

Хабар 24 телеарнасы