419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстіккореялық SsangYong Motor банкротқа ұшырағанын мәлімдеді

  • 96
  • UPD: 18:00, 22.12.2020
Оңтүстіккореялық SsangYong Motor банкротқа ұшырағанын мәлімдеді

Оңтүстіккореялық SsangYong Motor автомобиль өндірушісінің қарыздары 285 млн долларға (315,3 млрд вон) жетеді.

Компания сотқа банкроттық туралы өтініш берген. Бұл туралы ТАСС Yonhap-қа сілтеме жасап хабарлады.

Оңтүстіккореялық корпорацияның қарызы оның капиталының 42% құрайды. Оның JP Morgan сияқты шетелдік инвесторларға шамамен 90 млн доллар (100 млрд вон) қарызы бар, Woori Bank және мемлекеттік Корея Даму банкі сияқты оңтүстіккореялық несие берушілердің алдындағы қарызы 194 млн долларға (215 млрд вон) жетеді.

«SsangYong Motor банкроттық процедураларын бастау туралы өтініш берді, өйткені шетелдік банктермен қарыз мерзімін ұзарту туралы келісімге келе алмауына байланысты компания жұмысында айтарлықтай проблемалар туындады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы