429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алапат өрт болған Нотр-Дам сахнасында алғаш рет концерт өтті

  • 204
  • UPD: 16:33, 25.12.2020
Алапат өрт болған Нотр-Дам сахнасында алғаш рет концерт өтті

Бір жарым жыл бұрын алапат өрттен қатты зардап шеккен Париждегі Нотр-Дам соборында алғаш рет хор концерті өтті, деп хабарлады Reuters.

Концертте 20 әнші, екі солист және органист өнер көрсетті. Олар собор әлі қалпына келтіріліп жатқандықтан және пандемия кезіндегі қатаң ережелерге сәйкес құрылысқа арналған арнайы киімдер киген. Шіркеу музыканттарының қойылымы теледидардан көрсетілді.

Олар Моцарт пен Шуберттің классикалық шығармаларын, сондай-ақ мерекелік репертуарды, соның ішінде Jingle Bells әнін орындады.

Еске салсақ, Парижде әйгілі Нотр-Дам ғимараты 2019 жылдың сәуір айында өртенді.

Париж полициясы Нотр-Дам де Паридің өртену себебін атады.

Хабар 24 телеарнасы