420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баренц теңізіне кеме батып кетті: 17 адам қаза тапқан болуы мүмкін

  • 97
  • UPD: 12:53, 28.12.2020
Баренц теңізіне кеме батып кетті: 17 адам қаза тапқан болуы мүмкін

Баренц теңізіне балықшылар кемесі батып кетті, деп хабарлады ТАСС Ресейдің ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экипажда 19 адам болған, оның екеуі құтқарылды. Алдын ала мәліметтер бойынша қалған 17 теңізші кеме апатынан қаза тапқан болуы мүмкін.

«Сағат 07:30-да Архангельск облысы Новая Земля маңындағы Баренц теңізіне «Онега» №МК 0331 кемесінің суға батқаны туралы ақпарат түсті. Экипажда 19 адам болған. Екі адам құтқарылды, іздестіру жұмыстарын «Войково» кемесі жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ТЖМ.

Хабарлауынша, кеменің суға батуына мұз қату себеп болған. Кемедегілер балық аулаумен айналысқан. Құтқарылған екі теңізші – Ресей азаматтары. Мурманск көлік прокуратурасы оқиғаға байланысты тексеру жүргізуде.

«Онега» кемесі – 1979 жылы шығарылған балықшылар кемесі. Оның сыйымдылығы – 358 тонна.

Хабар 24 телеарнасы