Биыл Сидней тұрғындарының барлығы бірдей көшеге шығып, дәстүрлі жаңа жылдық отшашуларды тамашалай алмайды.
Себебі осы айдың ортасында шаһардың солтүстік жағажайында індетті жаппай жұқтыру тіркеліп, қаланың бірқатар ауданында карантин енгізілген. 250 мыңдай тұрғынға қаңтардың 9-ына дейін далаға шығуға тыйым салынған. Қала орталығына тек арнайы рұқсаты бар тұрғындар ғана кіргізіледі. Және бір жерде 50 адамнан артық жиналуға болмайды.
Глэдис Бережиклян, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьері:
- Қоғамдық орындарда жиналатын адамдардың санын 100-ден 50-ге дейін қысқарттық. Сонымен қатар азаматтар бас қосқан кезде әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.