421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияның сыртқы сауда айналымы азайды

  • 119
  • UPD: 21:50, 29.12.2020

Биыл Грузияның сыртқы сауда айналымы 19 процентке азайды. Ең үлкен құлдырау, алғашқы, карантин кезінде тіркелген. Қатаң шектеулер, вирус жұқтырғандар санын азайтуға көмектескенімен, індетті толық жеңіп, қалыпты өмірге қайта оралуға әлі мүмікндік бермей отыр.

Шекараны жабу, жұмыссыздық, халық кірісінің төмендеуі және ұлттық валютаның құнсыздануы. Мұның барлығы коронавирус пандемиясы мен елдің сыртқы саудасының құлдырауының салдары.

Давид Кешелава, ISET POLICY INSTITUTE Бас зерттеушісі:

- Індеттің кесірі экспортқа қарағанда импортқа көп тиді. Мысалы, Грузияның металл экспорты біраз өскен. Десе де, машина, шарап және минералды суды экспорттау төмендеді. Ал импортқа келер болсақ сырттан әкелінетін тауарлар азайып, халық кірісінен айырылды. Мұны жанармай сатылымынан да байқауға болады.

Сауда айналымының азаюы елдегі экономикалық жағдайдың күрделі екенін көрсетеді. Бірақ сарапшылар пікірінше, бұл ең сорақысы емес. Дегенмен, жаңа жылдың алғашқы айларына жасалған болжамдар көңіл көншітпейді.

Давид Кешелава, ISET POLICY INSTITUTE Бас зерттеушісі:

- Келер жылдың бірінші тоқсаны қиын болуы мүмкін. Өйткені қаңтарда шектеулер әлі де сақталады. Жағдай тек эпидемиологиялық ахуалдың жыл ортасы мен соңына таман жақсаруына байланысты өзгеруі ықтимал.

Импортшылар мен экспортшылар да эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып, шекараның ашылуын асыға күтіп отыр. Бірақ бұл да барлық экономикалық мәселені шеше алмас. Ал экономистер болса сауда қайта қалпына келе бастаған кезде ұлттық валюта құнсызданып, доллар бағамы көтерілуі мүмкін дейді.  

Авторлар: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы