Латвияда төтенше жағдай ұзартылып, мереке күндері коменданттық сағат енгізілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шектеу ертеңнен бастап қаңтардың 4-іне дейін жалғасады. Қаңтардың 8-і күні қайта енгізіліп, екі күн жалғасады. Көшеге тек жұмысқа бару үшін шығуға рұқсат. Латвияда індет басталғалы 37 мыңнан аса адам вирус жұқтырып алған.