429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент депутаттары жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

  • 740
  • UPD: 18:50, 24.08.2017

Мемлекеттік бағдарламалар оңтайлы жүзеге асып жатқан өңірлердің қатарында Алматы облысы да бар.

Аймаққа жұмыс сапарымен барған Парламент депуттаттары осылай дейді. Олар Талдықорғандағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, іргелес аудандарға да барды. Депутаттар жергілікті халықпен жүздесулерінде зейнеткерлерді қолдауға арналған әлеуметтік жобалар әрі отандық білім жүйесіндегі өзгерістер туралы тарқатып айтты. Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының маңыздылығына тоқталды. Сапар аясында былтыр гектарына 750 центнер қант қызылшасын жинап, рекорд орнатқан өндіріс орнына барып, жұмысшылармен кездесті.

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Балаларға болашағына қажетті шоттар ашу, оған мемлекеттің атынан кепілдік бар. Оның пайдасы қандай, соны түсіндірдім. Денсаулыққа байланысты, дәрі-дәрмекке енді ауруханалар өздері дистрибьютор арқылы сатып алады. Сол туралы жақсы қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы