432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде кәсіпкерлер жұмыс көзін ұсынды

  • 985
  • UPD: 09:37, 25.08.2017

Ақтөбеде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 30 адам тігінші кәсібін меңгеріп шықты.

Куәлік табыстау шарасына жергілікті кәсіпкерлер де қатысып, жұмыс көздерін ұсынды. Осылайша басым көпшілігі алғашқы күннен-ақ қызметке орналасып үлгерді. Ал қалғаны жеке цех ашып, істерін дөңгелетуді көздеп отыр.

Жалпы өңірде аталған бағдарлама шеңберінде бастапқы жолдамамен 560 азамат жұмысшы мамандығын игеріп шыққан. Жыл соңына дейін тағы 100 маман кәсіп иесі атанбақ. Жұмыссыз әйелдерге шаштараз, аспаз, кондитер мамандығын иеленуге мүмкіндік болса, ер азаматтарға дәнекерлеуші, кран жүргізушісі, ағаш ұстасы сияқты мамандықтар ұсынылады.

Гүлзада Елмағамбетова, жеке кәсіпкер:

- Биржа арқылы келіп, тігін маманын алып жатқан қыз келіншектер екі ай бойы тәжірибелік практикадан өтті. Сол кездегі байқағаным қыздардың ынтасы, жігері, істеп жатқан кәсібіне өзім құптарлық баға беріп, олардың ішінен 4-5 қызды таңдап алдым.

Хабар 24 телеарнасы