386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы Аягөз ауданының бюджеті 2 есеге артты

  • 1008
  • UPD: 07:46, 07.09.2017

Аягөз ауданының бюджеті 2 есеге артып, 11 миллиард теңгеге жуықтады. Бұл Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарламалардан бөлек инвестициялық жобалардың да қатары артқанын көрсетеді.

Ауданда 18 әлеуметтік нысан «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» сияқты бағдарламалар аясында салынып жатыр. Ең үлкен жоба – Индустриялды Даму бағдарламасы бойынша былтыр ашылған Ақтоғайдағы тау-кен байыту комбинаты. Алып комбинаттың құрылыс жұмыстарына 4 мыңнан астам адам тартылса, қазір тұрақты мың жарым адам еңбекпен қамтылған.

Құны 1 миллиард 300 миллион теңгеден асатын құрылыс материалдары комбинаты да келесі жылы салынып бітуі тиіс. Мұнан өзге 128 шағын және орта бизнес нысандарын іске қосу жоспарланған. 

Бақытжан Байахметов, Аягөз ауданының әкімі:

– Бизнесті дамыту үшін қабылданған жақсы үлкен бағдарламалар бар. Соған инфрақұрылымды тартып беру жөнінде қазіргі кезде жарты миллиард теңгенің жобасы іске асайын деп жатыр. Тағы да соншалықты қаражатқа жобалар дайындалу үстінде. Осының барлығын пайдалана отыра, біз жергілікті жерде бюджеттің де, халықты жұмыспен қамтудың да мәселелерін өзінің кезегімен шешу бағытындамыз. 

Хабар 24 телеарнасы