419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың Сиань қаласында Қазақстан орталығы ашылды

  • 1505
  • UPD: 15:34, 23.09.2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бұл шараға Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мұрындық болды. Сиань халықаралық тілдер университетіндегі қазақ тілі кафедрасының жанындағы орталықтың мақсаты – елімізді кеңінен таныстыру.

Алдағы уақытта Қытай қауымдастығының қазақ тіліне, мәдениетіне, тарихына және «қазақстандық даму жолына» деген қызығушылығын арттырмақ. Сиань халықаралық тілдер университетінің ректоры Ван ЦзюньЧжэ мұндай мәдени әріптестік қос елдің достығын арттыра түсетінін айтты. Өйткені орталық «қазақ тілі» мамандарын дайындайтын маңызды алаңға айналмақ. Қазірдің өзінде Сиандағы орталықта 20 қытайлық студент тәлім алып жатыр. Айта кетейік, Қытайдың Бейжің, Шанхай және Далянь қаласындағы университеттердеде Қазақстан орталығы жұмыс істеп тұр.

Қайрат Абдрахманов, ҚР ҚХР Елшілігінің білім және мәдениет жөніндегі кеңесшісі:

– Бұл осымен ашылып отырған төртінші орталық. Бұндай орталықтар бізге керек деп ойлаймыз. Біз қатысушыларға Қазақстанның саяси, экономикалық және рухани бағыттағы реформаларды жете таныстырдық. Соның ішінде Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін және сананы жаңғырту бағытындағы жүргізіліп отырғанан шаралармен кеңінен таныстырдық.

Хабар 24 телеарнасы