389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында ірі екі жоба іске асырылады

  • 763
  • UPD: 11:40, 22.11.2017

Қостанай облысында келер жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды дамытуға бағытталған екі ірі жоба жүзеге асырылады.

Оның бірі – республикалық маңызға ие Қостанай-Қарабұтақ тасжолын қалпына келтіру. Бұл жобаның әлеуметтік маңызы зор. Тобыл өңірінің төрт ауданы арқылы өтетін тасжол Астана, Ақмола және Қостанай облыстарын еліміздің батысымен байланыстарды. Және халықаралық Батыс-Еуропа-Батыс Қытай транзиттік дәлізіне шығуға мүмкіндік тудырады. Сондай-ақ алдағы жылы «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар» бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары басталады. 

Андрей Горват, «Қазавтожол» ҰК» директоры:

– Қазіргі кезде бұл жұмыстарды атқаруға тендер жарияланды. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Алдымен жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 10 ай мерзім белгіленіп отыр. Сосын жыл соңына қарай жөндеу жұмыстары басталады. Тек қана Қостанай-Қарабұтақ тасжолын қалпына келтіруге 51 млрд теңгеге жуық қаржы қаралған.

Хабар 24 телеарнасы