419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алып слалом: Микеланджело Тентори жеңімпаз атанды

  • 2780

«Шымбұлақ» шаңғы кешенінде ерлер арасында алып слаломнан өткен жарыс та мәреге жетті.

Ептілік пен шапшаңдық, жылдамдық пен шеберлік сайысында шаңғышы сағатына 100 км жылдамдықпен жоғарыдан төмен қарай оқтай ұшады. Ал, өзгелерден озып келу үшін 2 мың 370 метрлік қашықтықты 1 минут 3 секунд шамасында еңсеруі тиіс. Бұл сынға әлемнің 26 елінен келген 75 спортшы қатысты. Қазақстан атынан Мартин Хубер, Сергей Данов, Захар Кучин мен Алексей Сысоевтар сынға түсті. Әттеген-айы сол, біздің шаңғышылар жеңіске қол жеткізе алмады. Осы жігіттер арасынан тек Мартин Хубер ғана үздік шығып, жалпы есепте 12-нәтиже көрсетті. Ал жүлделі екінші және үшінші орындарды ресейліктер бөліссе, 1 минут 3 секунд уақытын көрсеткен италиялық Микеланджело Тентори жеңімпаз атанды. 

Микеланджело Тентори, алып слалом жарысының чемпионы:

- Жүлделі орынға іліну үшін, әрине, көп дайындалдым. Жеңіске жету оңай болған жоқ. Шымбұлақтағы шаңғы трассасын мүдірмей өту мүмкін емес екен. Дегенмен, қуанышымда шек жоқ.

Хабар 24 телеарнасы