425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конькиден қыздар арасындағы жарыс қорытындыланды

  • 2999

«Медеу» мұз айдынында қыздар арасындағы конькимен жарыстың бүгінгі күні қорытындыланды.

500 метрге қашықтыққа жүгіруден 16 мемлекеттен 39 спортшы бақ сынады. Бұл жарысқа біздің елден төрт спортшы қатысты алайда, жүлделі орындардан көріне алмады. Екатерина Айдова төртінші орынға табан тіреді. Нақтырақ айтсақ, бас жүлде оңтүстіккореялық Ким Хён Юнге, екінші орын – Ариса Цзюдзимотоға және қола медаль ресейлік Александра Качуркинаға бұйырды. Қазір ерлер арасындағы бір жарым шақырымдық жарыс болып жатыр. Оған 16 мемлекеттің 44 спортшысы қатысуда. Бұл бәйгеде біздің елдің төрт атлеті жарысқа шығады. 

Людмила Прокашева, конькимен жүгіру спортының бас жаттықтырушысы: 

- Мың жарым метрлік қашықтықта біздің негізгі үміткеріміз – Федор Мезенцев. Атлетімізге жүлдегерлер тұғырынан орын бұйырады деген үміттеміз. Барлығын жарыс көрсетеді. Төрт спортшымызға енді сәттілік тілейік.

Хабар 24 телеарнасы