425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәнерлеп сырғанаудан ерлер жарысты бастады

  • 2714

Қысқы Универсиададағы ең тартысты бәсекенің бірі басталды.

Бүгін мәнерлеп сырғанаушы жігіттер өздері дайындап келген қысқа бағдарламаларын көрсетеді. Қазақстанның атынан бұл жарысқа 3 спортшы қатысады.

«Алматы Аренада» бүгін аншлаг. Мәнерлеп сырғанаушы жігіттердің өнерін тамашалауға халық көп жиналды. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, жүлдеден басты үміткерлеріміз Абзал Рахымғалиев, Денис Тен, Артур Панихин қатысады жарысқа. Мұз айдынына бірінші болып Абзал Рахымғалиев шығады. Абзал үшін бұл үшінші Универсиада ойындары. Абзалдан кейін Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен өзінің қысқа бағдарламасын көрсетеді. Бұл бәсекеде жерлестеріміз Дениске үлкен үміт артып отырғаны белгілі.

Жалпы бүгінгі жарысқа әлемнің 19 мемлекетінен 36 спортшы қатысып жатыр. Егер тарихқа көз жүгіртсек, қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар екі медаль алған екен. 1995 жылы Испанияның Хака қаласында өткен жарыста Марина Халтурина мен Андрей Крюков жұптық мәнерлеп сырғанауда алтын алса, Дмитрий Казарлыга мен Елизавета Стекольникова мұздағы биде қола медаль алған екен. Қысқа бағдарламаның көшбасшылары сағат 20:00-ге қарай белгілі болады. Ал, ертең жігіттер еркін бағдарламада өнер көрсетеді. Жарыс «Алматы-Арена» мұз сарайында сағат 17:00-де басталады.

Авторы: Ұлан Нарынбек

Хабар 24 телеарнасы