384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Еуразия» кинофестивалі аясында отандық «Ел арна» каналы таныстырылды

  • 582
  • UPD: 21:52, 25.07.2017

Басқосуда арна басшылары болашақ жобалар жайлы баяндап, кино сүюші қауым, кино әуесқойлары мен кәсіби мамандарды қандай тосын сыйлар күтіп тұрғаны жайлы хабарлады.

Осыдан 4 ай бұрын Қазақстан аумағында су жаңа әрі бірегей канал іске қосылды. Эфирге тек қана отандық кино туындыларды шығаратын «Ел арна» каналы бүгінгі таңда өз көрерменін тауып үлгерді. Қазір арнаның қорында 200-ден астам фильм бар. «Қазақфильм» сынды ірі компаниямен жасалған келісім шарттар да «Ел арнаның» қоржынында. Енді телеканал басшылығы жаңа форматтағы жобаларды жүзеге асыруды қолға алды.

Камила Қамназарова «Ел арна» телеканалының шеф-редакторы:

- Жаңа маусымда біз «Кино өнері» деген арнайы жобаны іске қосамыз. Бағдарламада түсірілім алаңдарындағы қайнап жатқан жұмысты көрсетеміз. Режиссерлармен сұхбат жазамыз. Көрермен біле бермейтін кино индустриядағы түрлі мамандықтар жайлы баяндаймыз. Өте қызық болады деген сенімдеміз.

Ең алдымен бұл жоба қазақстандық режиссерлар үшін тосын сый болды. Себебі "Ел арна" тек қалың бұқараға арналған фильмдерді ғана емес, фестивалдық, деректі және қысқа метрлі фильмдерді көрсетіп, әр туындыға алдын ала аңдатпа әзірлеуге дайын.

ссерлар арна жұмысына үлкен қызығушылық білдірді. Анимациялық фильмдерді де көрсету жайлы ұсыныстар түсті.  «Ел арна» басшылығы мұндай бастаманы толық қолдайтынын жеткізді.

Бейбіт Бисекеш, продюсер:

- «Ел арна» бұл Қазақстандағы отандық киноиндустрия фильмдерін көрсететін алғашқы телеканал. Сондықтан біз Еларнаға тапсырдық. 02:18 Киноматографистердің 90 минут толғатып шығарған киномыздың ойын, түйінін 90 секундтық анонста беріп жатырсыздар. Сол өте керемет нәрсе.

Еуразия кинофестивалі барысында режиссерлар арна жұмысына үлкен қызығушылық білдірді. Анимациялық фильмдерді де көрсету жайлы ұсыныстар түсті. «Ел арна» басшылығы мұндай бастаманы толық қолдайтынын жеткізді. 

Авторлары: Дариға Ташенова, Дәурен Үмбетәлиев

Хабар 24 телеарнасы