378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пьер Карден Астанада өзінің жаңа топтамасын ұсынады

  • 619
  • UPD: 23:36, 15.08.2017
Пьер Карден Астанада өзінің жаңа топтамасын ұсынады EXPO2017.com

1-3-ші қыркүйек аралығында Астана қ. әкімдігінің қолдауымен елордада сән әлеміндегі маңызды шаралардың бірі өтеді. Атап айтқанда атақты дизайнер, кутюрье Пьер Карден өзінің жаңа топтамасын ұсынады және «Дориан Грей – Безжалостная красота» атты операның тұсаукесері өтеді.

EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында «Қазақстан» концерт залында 3 күн бойы атақты дизайнер, кутюрье Пьер Карден өзінің жаңа топтамасын ұсынатын болады. Кеш бағдарламасында елорда тұрғындары мен қонақтары Пьер Карден мен Родриго Басиликатимен қойылған моно-операны көре алады.

Шара «Этно-студия «Іңкәр Сезім» қоғамдық қоры, «Dinarel» сұлулық және сән студиясы, «Пьер Карден» сән үйімен ұйымдастырылуда.

«Пьер Карден Қазақстанға алғашқы рет келіп отыр. Ол өзінің жаңа топтамасын ұсынуда. 120 киім көрсетілімінен тұратын коллекцияны ол Қазақстан және «World Beauty Astana» фестивалінің қатысушылары үшін арнайы ойлап тапты», – деді «Этно-студия «Іңкәр Сезім» президенті Гүлнар Жүнісова.

Сондай-ақ осы 3 күн ішінде елордада «World Beauty Astana» сұлулық және сән фестивалінің әлемдік гранд-финалы өтетін болады.

Жыл сайын фестиваль әлемнің түрлі қалаларында өтеді. Биыл ұйымдастырушылардың шешімі бойынша алғашқы рет байқаудың гранд-финалы Қазақстанда өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы