387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда домбыра кеші ұйымдастырылды

  • 993
  • UPD: 21:45, 02.02.2018

Орал қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары ерекше шараның өтуіне ұйытқы болды. Олар шаһардағы сауда орталықтарының бірінде «Домбыра пати» ұйымдастырды.

Бұл балалар өңірде ашылған тұңғыш қазақ мектебінің оқушылары. Олар үшін білім мен ұлттық құндылық әрдайым бірінші кезекте тұрады. Халқымыздың бас аспабы домбыраның кешін ұйымдастыруды да өздері ұсыныпты. Осылайша, құрамында 35 оқушы өнер көрсететін мектеп оркестрі алғаш рет көпшілік алдында сахнаға шықты.

Өмірбек Әділов, С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың 5-сынып оқушысы:  

Маған өнер мектебі өте қатты ұнайды. Мен ата-бабамыз қалдырған мұрасын болашақта әрі қарай жалғастырғым келеді. Домбыра өте қасиетті аспап және жақсы тартуға үйреніп жүрмін. Маған өзімнің таңдаған аспабым өте ұнайды. Өскенде домбырадан атақты шебер болғым келеді.

Алмас Мұқанов, С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың директоры:

– Өнер мектебіміздің оқушылары – әртүрлі байқаулардың жеңімпаздары. Күні кеше Мәскеу қаласында «Рождественские звезды» деген байқау өткен еді. Сол Кремльде болған байқауға біздің өнер мектебіміздің оқушылары барып, жүлделі екінші орынды алды. Ол жерге барған біздің «Атамұра» үлгілі халық аспаптар оркестрі. 

Дарынды балалардың бұл кеші – «Рухани жаңғыру» жалпыхалықтық жобасының жарқын үлгісі. Бүгінде білім ордасы жанындағы өнер мектебінде 250 бала қабілеттерін шыңдауда. Бірі түрлі аспаптың тілін меңгерсе, енбі бірі ұлттық бидің қыр-сырын үйреніп жүр.

Авторлары: Мейрамгүл Құспан, Ботагөз Базарбаева, Болат Жарылғасов

Хабар 24 телеарнасы