382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада симфониялық музыка кеші өтті

  • 1265
  • UPD: 22:03, 18.02.2018
Елордада симфониялық музыка кеші өтті

Италиядан арнайы келген Марко Скьяво, Серджио Марчеджиани және Рикардо Замунера сынды танымал солистер өнер көрсетті.

Концертке Михаил Кирхгофф дирижерлік етті. Өнер кешінде 19-20-ғасырлардағы Еуропа композиторларының шығармалары шырқалды. Біздің өнерпаздар да онан қалыс қалмады. «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі де өнер көрсетіп, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Айман Мұсақожаева, «Солистер академиясы» мемлекеттiк камералық оркестрiнің көркемдік жетекшісі:

- Осы жылы Астанамыздың 20 жылдығын өткіземіз. Қазақ ұлттық университетіне де 20 жыл. Сол 20 жылдыққа біз үлкен концерттік бағдарлама бастадық. Барлығын біздің шетелден келген достарымыз орындап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы