389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«АЛЖИР» лагері тұтқындарына қазақтардың қол ұшын созғаны туралы қойылым сахналанды

  • 1171
  • UPD: 09:20, 02.03.2018

М.Горький атындағы академиялық театры мен «Потенциал» балалар шығармашылығы орталығы көрерменге «Құрт – бағалы тас» деп аталған қойылым ұсынды.

Мұнда «Алжир» лагерінің тыныс-тіршілігі, қиын кезеңдегі жазықсыз жазаланған адамдарға қазақтардың қол ұшын беріп, көмектескені баяндалады. Ауыл ақсақалдары сол уақытта абақтыдағы әйелдерге әрдайым тас ретінде құрт лақтырып, тамақтандырып тұрған. Бұл қойылымды балалар сахнаға алғаш рет алып шықты. Шағын қойылымды академиялық театрдың режиссері Анна Семенихина қойды. 

Венера Маратқызы, «Потенциал» балалар шығармашылығы орталығының директоры:

- Бұл қойылым көрерменге үлкен ой береді. Көп этносты мемлекетте тату-тәтті, бірлікте өмір сүруге шақырады. Ал балалар сахнаға тарихи қойылымды алғаш алып шықса да өз деңгейінде орындады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы