386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді Qazmap.kz мобильдік қосымшасының көмегімен тарихи жерлерге онлайн-саяхат жасауға болады

  • 791
  • UPD: 23:02, 03.04.2018

Қазақстанның қасиетті жерлеріне онлайн-саяхат.

Енді Qazmap.kz мобильдік қосымшасының көмегімен «Хан моласы» мемориалы, Абылай хан ордасы, Едіге тауы сияқты тарихи орындар жайлы барлық мәліметті смартфонға жүктеуге мүмкіндік бар. Бастама «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынды.

Қазақ жеріндегі қасиетті нысандарды біріктерген мобильді қосымша әзірге Android жүйесінде қол жетімді. iOS нұсқасы да жақын арада қолданушыларға жетпек. Қосымша – Qazmap.kz интернет-сайтының шағын нұсқасы. Айта кетейік, онда жалпұлттық деңгейдегі 100 нысан топтастырылған.

Қажымұрат Төлегенұлы, ҚР Ұлттық музейінің сарапшысы:

– Әр өңірлердегі нақты координаттары, олардың қысқаша мәліметтері, сонымен қоса олардың суреттері, пайдалы сілтемелердің барлығын осы интерактивті және виртуалды картадан табуға болады.

Республикалық және аймақтық дәрежедегі қасиетті нысандардың картасын тұрғындар Ұлттық музейдегі «Рухани жаңғыру» залынан да көре алады. Жыл басында ашылған ауқымды көрмеге жәдігерлер еліміздің түкпір-түкпірінен жеткізіліпті. Мамандардың айтуынша, мұндағы әр бұйым, әр киім – тұнып тұрған тарих. Мәселен, құлын терісінен тігілген тон Міржақып Дулатұлына тиесілі.

Ақбота Сайлаубаева, ҚР Ұлттық музейінің экскурсиялық қызмет көрсетуші маманы:

– Бұл тайжақыны Міржақып Дулатұлы 3 жыл көлемінде киген екен. Тайжақы сол дәуірдің ауқатты азаматтардың киетін негізгі сыртқы киімдерінің бірі болған. Бұның жасалу жолдарына назар аударсаңыздар, жылқының терісінен жасалған. Қысқы уақытта адамдардың тоңбауы үшін ішіне мақта тігілген екен.

Осы және өткен кезеңнен сыр шертетін өзге де құнды жәдігерлер «Рухани жаңғыру» тақырыптық залында топтастырылған. Ал келесі ауқымды көрме мамыр айына жоспарланып отыр. Келушілердің назарына еліміздің батыс өңірінде және қасиетті нысандарда табылған бұйымдар ұсынылады.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Әнуар Тәуекелов

Хабар 24 телеарнасы