389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кинематография туралы заңға қатысты көшпелі кеңес өтті

  • 692
  • UPD: 11:28, 13.04.2018

Ұлттық болмысты сақтай отырып, отандық киноиндустрияны табысты бизнес көзіне айналдыру.

Кинематография туралы заңды әзірлеуші мамандардың алдында осындай міндет тұр. Қазір Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасы жақында Сенаттың сүзгісінен өтеді. Осы ретте жоғарғы палатаның Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Алматыда көшпелі кеңес өткізді. Сенаторлар әуелі «Қазақфильм» киностудиясының тыныс-тіршілігімен танысып шықты. Содан соң кино әлемінің басы-қасында жүрген  мамандарымен кездесу өткізді. Режиссерлер мен сценаристер саланы дамытуға байланысты өз ойларын ортаға салды. Статистика қазақ киносына қызығушылықтың артқанын көрсетіп отыр. 2016 жылы отандық туындылар барлық кассалық табыстың 6 пайызын жинаса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 13 пайызға жеткен. Өткен жылы қазақстандық кино туындылар 44 жарым миллион доллар жиған. Жаңа заң барлық жәйтті ескеріп кино саласының дамуына тың серпін беруі тиіс.

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

 - Бұл заңның жобасы өте маңызды. Алдында да кино туралы кейбір заңдарда оның жағдайлары жазылған. Бірақ та негізінен кино туралы, кинематография туралы өзінің негізгі заңы болмады.

Хабар 24 телеарнасы