378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісуда өткен сазгерлер сайысы саңлақтарды анықтады

  • 436
  • UPD: 14:22, 07.05.2018
Жетісуда өткен сазгерлер сайысы саңлақтарды анықтады

Талдықорғанда алғаш рет композиторлардың республикалық байқауы өтті.

«Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған шара «Елге арнау» деп аталады. Екі номинацияда музыканттар оркестр мен ансамбльге арналған үлкен және кіші көлемдегі туындыларын орындады. Ал үздік әндер туған жер, тіл, патриоттық сезім мен батырлардың даңқын асқақтатуға арналды. Келіп түскен 90-нан көп туындының арасынан 30-дан аса еңбек іріктеліп алынды. Әділ қазылар алқасы бұл байқаудың  жаңа есімдер мен заманауи музыканың өркендеуіне қосар үлесі зор деп отыр. 

Серік Еркімбеков, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әділ қазы мүшесі:

- Мақсаты сол ғой елге арнап, ең жақсы шығарма шығарып көрсетіп, өз сезімін көрсету. Кәсіби деңгейі керек. Соған дайындалып келесі конкурстарға өте жақсы шығармалар келеді деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы