389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джаз жанрында ән салатын қазақ жігіті АҚШ-та шеберлігін шыңдап жүр

  • 1205
  • UPD: 10:28, 14.05.2018

Қазақстандық әнші Нью-Йоркті мойындатты. Еңбек жолын Астанада бастаған Орынбасар Әбу қазір джаз жанрын Америка Құрама Штаттарында дүйім жұртқа паш етіп жүр.

Шығармашылық шеберлігін шыңдап алған соң жас дарын елге оралмақ.

Орынбасар Әбу - Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. Джаз вокалына оқыған ол, білім ордасынан кейін осы музыкалық жанрдың отаны – Америкаға ат басын бұрады.

Орынбасар Әбу, әнші:

- Қазақстанда білім алып, өнер жолымды осында бастаған соң джаз отанына барып, батыс музыкасына қанық болайын деп ұйғардым. Мұнда мен мейілінше мол тәжірибе жинап, еліме ораламын деп шештім. Туған жерімде жастарды музыкаға баулуды жоспарлап отырмын. 

Орынбасар Қазақстанның үлкен сахналарында талай мәрте өнер көрсеткен. Тіпті Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблінде солист болып та жұмыс істеген. Кейін «Қазақстан дауысы» жобасына қатысып, көпшілікке таныла бастады. Жас дарын – осы ән байқауының финалисі. 

Орынбасар Әбу, әнші:

- Америкаға келіп, этникалық әндерді көп тыңдай бастадым. Қазақстанда «The Magic of Nomads» деген тамаша топ бар. Солардың еңбектерін тыңдаймын. Сондай-ақ Жұбаныш Жексенұлы, Медеу Арынбаевтың әндерін де ұнатамын. 

Қазір жас әнші америкалық шоулар мен қазақ диаспорасы өткізетін кештерде джаз жанрындағы әндерін айтып, өнерін көрсетіп жүр. 

Авторлары: М.Абдрахманова, Р.Садыров

Хабар 24 телеарнасы