367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ашық аспан астындағы «Домбыра Party» кештеріне кез келген адам қатысуына болады

  • 431
  • UPD: 22:53, 14.06.2018

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра. Елордадағы «Нұржол» желек жолында  «Домбыра патидің» кезекті маусымы ашылды.

Ұлттық өнерімізді ұлықтау мақсатындағы мұндай шара биыл алтыншы жыл өткізіліп отыр. Кешкі серуенге шыққан көпшілік жалынды жастардың күмбірлете тартқан күйі мен әуелете шырқаған әніне сусындады.

Қазақта әу демейтін адам жоқ. Бүгінгі домбыра патиге келген жұрттың қарасы көп болды. Бірақ ешбірі кәсіби музкант емес. Тек, қанға сіңген өнерін паш етіп қос ішекте ойнауда. Айтылар ән мен орындалар күйге шектеу де қойылмайды. Кез-келгені жасқанбай топты жарып шығып, өнерін ортаға сала алады. 

Алмас Алтай, Домбыра Party ұйымдастырушысы:

- Алтыншы жыл қатарынан өтіп келе жатқан дромбыра патидің 2018 жылғы алтыншы маусымының ашылуы бүгін. Домбыра ұлттық аспап. Ол біздің насихатымызға зәру емес. Бірақ, десекте Астананың бойына қазақылықты сіңіру үшін әуелде сол көшеге домбырамызды алып шығайық деп, көшеде саксофон тартып жүрген жігіттерден гитара тартып жүрген жігіттерден біздің қай жеріміз кем. Немесе біздің домбырамыздың қай жері кем деген интузиазммен басталған дүние еді. Халықтан осындай қолдау тауып алтыншы маусымын ашып тұрмыз. Қуаныштымыз.

Сағыныш Назар, Домбыра Party қатысушысы:

- Үшінші сыныбымнан қолға алдым, үйде бір ескі домбыра бар еді. Соны шертіп өзіміздің атамыздан қалған соны үйреніп, кейін ешқандай үйірме ештеңеге барған жоқпыз. Бірақ алып өзіміздің қанымызда бар. Набат Ойнарова деген біздің Сырдың жыршысы бар термеші, жыршы. Соны тыңдап өстік. Сол кісі ән айтқан кезде арқамыз қозып, сол кісіге еліктеп менде осы кісідей ән айтсам ғой, осы домбыраның құлағында ойнасам ғой деген бала арманды ары қарай жетілдіріп, орындау мақсатында үйреніп кеттік.

Домбыра пати өткізуге бастамашы болғандардың бірі Маралбек Сағынғанов. Әу баста, яғни алты жыл бұырн олар қара домбыраны қолға алып, ән шырқау үшін достарымен жиналған. Дәл сол күні Лондон олимпиадасында спортшыларымыз алтыннан алқа тағынады. Қуанған халық көшеге шығып, домбыраның үніне үйіріледі. Қуанышымен бөлісіп, өнерлерін ортаға салады. Содан бері бұл шара дәстүрге айналып кеткен.

Маралбек Сағынғанов, Домбыра Party ұйымдастырушысы:

- Оразаның соңғы күнінде сәтімен басталып тұр ғой деп ойлаймын. Әрі қарай әр бейсенбі сайын осы «Нұржол» бульварда немесе Кенесары ескерткішінің қасында жағалауда сол екі жерде тұрақты өткізіп тұратын боламыз. Қатысамын деген кез келген адам қатыса алады. Біз кәсіпқой немесе әуесқой деп бөлмейміз. Ортаға шығып ән айтам күй тартам деген болса, кез келген адам домбырасын алып келе алады. 

Қос ішекті аспаптың күмбірлеген үні маңайда өткен халықтың ешбірін бей-жай қалдырмады. Барлығы да аялдап, құлақ құрышын қандырар әуезді әнмен сусындады. Тіпті шабыты ашылғаны ән де салды. Ал күні кеше елбасының шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілсін деген жарлығы, бұл  құндылығымызға одан әрі маңызды сипат бере түсті.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Ербол Дайыров

Осы категория бойынша: « Қазақ хандығының күрделі кезеңдерін қамтитын тарихи жобаның екінші маусымы ОҚО-да түсірілуде Алматыда «Star of Asia» фестивалі өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы