368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің Мәдениет және спорт министрі халық алдында есеп берді

  • 465
  • UPD: 18:27, 21.06.2018

Елорданың 20 жылдық мерейтойы шеңберінде 100-ден аса халықаралық іс-шара өтеді.

Мәдениет және спорт министрі халық алдында, есеп беру кездесуінде осылай деді.

Қайырлы күн, Назерке! Бас қаламыздың мерейтойы, биыл, несімен ерекшеленбек?

 

- Астананың 20 жылдығы естен кетпестей қызықты шараларға толы болмақ. Жуырда ғана Этноауыл ашылды. Онда алғаш рет «Алпамыс» эпосының желісі бойынша цирк қойылымы сахналанып жатыр. Сондай-ақ «қалалар шеруі» жобасы аясында Париж, Лондон, Берлин, Сингапур сынды әлемнің ең көрікті 20 шаһарынан келген өнер ұжымдары өздерінің экспозицияларын таныстыруда. Бұдан бөлек Ұлттық мұражайда Третьяков галереясынан арнайы жеткізілген экспонаттар қойылды. Ал 25 шілдеден бастап, 2 ай бойы Пабло Пикассо еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылады. Үш күннен кейін халықаралық балет фестивалі өз шымылдығын түреді. Оған Испания, Германия, Португалия мен Қытай және Ресей  сынды мемлекеттерден келген танымал балет ұжымдары қатысады. Еуразия халықаралық кинфестивалі өз жұмысын бастайды. Айта берсек осылай жалғасып кете береді. Бастысы, бұл шаралардың көбісін демеушілер қаржыландырады.

- Қазақстанның киелі жерлерінің георграфисын жасау бойынша министрлік қандай шаралар атқарып жатыр? 

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

- Бүгінгі таңда министрлік киелі жерлердің бірыңғай виртуалды картасын жасады. Яғни үйде отырып, 3Д технология арқылы еліміздің тарихи орындарына виртуалды түрде саяхат жасауға болады. Бұл жоба әсіресе шетелдіктер үшін қызықты деп ойлаймын. Сондай-ақ 30 ғылыми экспедициялар мен 500-ден астам еңбек жарық көрді. «Киелі Қазақстан» энциклопедиясының бірінші томы шығарылды. Осы тұста сәл кідіріп, министрді тыңдап көрсек.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Қазақстанда қандай креемет өзгерістер болды десе, әрине біз ең  бірінші халықаралық EXPO-ны айтамыз. Екінші әрине «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» ұлттық бағдарламасын айтар едік. Өткен жылы осы бағдарлама аясында Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын құру бізге тапсырылған болатын. Алғаш рет.

Осы категория бойынша: « Нью-Йоркте Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының көрмесі ашылды Жыл соңына дейін қазақ тілінде бірқатар анимациялық фильм жарыққа шығады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы