368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде «Абай оқулары» байқауына 130 оқушы қатысып жатыр

  • 645
  • UPD: 13:59, 23.08.2018

Семейде дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауы басталды.

Оған еліміздің 16 облысынан алдын ала іріктеуден өткен 130 оқушы қатысып жатыр. 19-рет өткізіліп отырған сайыстың мақсаты – Абай және Шәкәрім мұраларын кеңірек дәріптеп, жас өрендердің бойында елжандылық қасиет қалыптастыру. Байқау 3 күнге созылады. Қатысушылар ертең Жидебайдағы Абай Шәкәрім кесенесіне жол жүреді. Бас жүлдегерге оқу орнына түсуге грант бөлу де қарастырылған. Былтыр семейлік оқушы Абай және Шәкәрімнің 400 өлеңін жатқа айтып топ жарған еді. «Биыл бұл рекорд жаңаруы да мүмкін», – дейді ұйымдастырушылар.

Нұргүл Байсарина, қалалық білім бөлімінің әдіскері:

- Абай оқулары 4 номинация бойынша өткізіледі. Бірінші – «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», яғни Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу сайысы. Екінші бөлім – «Көңілім әнді ұғады», яғни Абай, Шәкәрім әндерін орындау. Үшінші – оқушылардың ақындық өнері, «Болмасаң да ұқсап бақ». Төртінші – «Абай әлемі» тақырыбында эссе жазу.

Аружан Хасанова, байқауға қатысушы /Атырау облысы/:

- Абай атамызды бірден тани салу мүмкін емес, оны ғасырлап, жылдап оқысақ та артықтық етпейді. Абай атамызды ары қарай дамытып, елдерге таныстырып, қаншама өлеңдері, жазбалары қалды. Солардың бәрін бүкіл әлемге таныстырсақ деген ойдамыз.

Осы категория бойынша: « Елордада Тайвань аралы суретшілерінің көрмесі ашылды Елорда тұрғындары мен қонақтары өткен ғасырға саяхат жасай алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы