369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да археология саласын дамытуға арналған 3 жылдық бағдарлама құрылады

  • 191
  • UPD: 14:20, 07.09.2018

Өскеменде өтіп жатқан «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форумда өлкедегі археология саласының жетістіктері жайлы әңгіме қозғалды.

Сонымен қатар өңірдің туристік әлеуетін арттыратын сакралдық орындар мен тарихи жәдігерлер табылған қорымдарды қорғау мәселесі де көтеріліп жатыр. Жиында отандық және шетелдік ғалымдар сөз алып, деректермен бөлісуде.

Жиын өте қызықты әрі мағыналы болып жатыр. Өйткені осы аймақтан табылған аңыз жәдігерлер туралы деректер кімді қызықтырмасын. Әсіресе белгілі археолог ғадлым Зейнолла Самашев мырзаның жасаған баячндамасы жұртшылықты ұйытып тастады.

Өйткені дәл сол адам – осы биыл жазда Алтын адам табылған Елеке сазы қорымында жүргізілген қазба жұмыстарының авторы. Бұл елімізде тоналмаған, ешкім тиіспеген күйде табылған екінші алтын адамның мүрдесі болатын. Форумда сонымен қатар Чехия, Франция, Түркия сиықты шет елдерден келген ғалымдар мен тарихшылар да сөз алып, өлкеден табылып жатқан тарихи деректертің құндылығына үлкен баға берді. Тіпті Өскеменнің іргесінде тұрған ежелгі будда ғибатаханасы да келгендерді тарих қонайына жетелеп, қызығушылықтарын арттырып отыр.

Айта кету керек, археологиялық салаға облыс басшылығы бүгінгі күні ерекше көңіл аударуда. Өңірде осы саладағы ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытуға арналған 3 жылдық бағдарламаның жұмыс жасағаны да осыған дәлел. Осы бағдарлама аясында 19 мыңнан астам  артефакт табылды. Өткен замандардағы өркениеттен хабар беретін заттар мен дүниелер көрсетілді. Форумға қатысып отырған ғалым, философия ғылымының докторы Ғарифолла Есім мырза болса дәл осы қазба нәтижелерін өткен заманнан келген хабар деп санау керек деп есептейді. Ғалымның ойын біз де тыңдап көруді жөн санадық.

Ғарифолла Есім ғалым, философия ғылымдарының докторы:

- Бұл тек қазбалар ғана емес, алтын Алтай туралы кешенді әңгіме. Алтын Алтай тарихы тереңде жатыр, ол біздің халықтың, бүкіл түркі жұртының ата мекені, сондықтан осы қазыналы Алтай туралы әңгіме басталып жатыр.

Форум соңында осы табылып жатқан қорымдарды сақтау қорғау саласына ерекше көңіл бөлінбек. Өңірде осы археология саласын дамытуға арналған тағы 3 жылдық бағдарлама құрылады. Сонымен қатар артефакттарды зерттейтін, талдайтын зертхана ашу да жоспарланып отыр.

Авторы: Эльмира Ахметова

Осы категория бойынша: « Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» форумы басталды Астанада министрлік байқауында жеңіп шыққан қойылым сахналанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы