369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда дәстүрлі Шәкен Айманов кинофестивалі өтеді

  • 226
  • UPD: 08:19, 17.11.2018
Алматыда дәстүрлі Шәкен Айманов кинофестивалі өтеді

Ертең Алматыда 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылады.

Көрерменге «Шәкен жұлдыздары» атауымен жақсы таныс мәдени шарада биыл әлемдік кинематографияның таңдаулы туындылары көрсетіледі. Айта кетейік, кинофестивальдің бағдарламасы үш бөлімнен тұрады. Оларға Шәкен Аймановтың туындыларының атауы берілген. Мысалы, «Тоғысу» бөлімінде көрермен дүниежүзіне танымал толықметражды картиналарды көріп, тамашалай алады. «Атамекен» – бұл түркі халықтары фильмдерінің байқауы, ал «Біз осында тұрамыз» бөлімінде қазақстандық киноленталар сараланып, үздік туындыларға Қазақстан Кинематографистер одағының «Құлагер» ұлттық сыйлығы табысталады. Ал көрермен фестиваль аясында көрсетілетін фильмдерді қаладағы ірі кинотеатрлардан тегін тамашалайтын болады.

Осы категория бойынша: « Берлинде Қазақстан мен Германия зиялыларының тұңғыш форумы өтті Павлодарлық өнерпаздар әлемдік хиттерді көне аспаптармен орындады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы