377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Аз и Я» кітабы қырғыз тілінде жарық көрді

  • 247
  • UPD: 23:36, 27.11.2018

Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» атты әйгілі шығармасы қырғызша сөйледі.

Бұл кітаптың жазылғанына көп уақыт болғанымен, Орталық Азия елдерінің тіліне алғаш рет аударылып отыр. Мың данамен жарық көрген кітап Қырғыз Республикасының кітапханаларына таратылады. 

Олжас Сүлейменовтің танымал туындысын қырғыз тіліне тәржімалаған – Исиля Рахимова. Қырғыз энциклопедиясының редакторы 200-ден аса мақалының авторы, тәжірибелі аудармашы әрі әдебиеттанушы. «Аз и Я»  кітабын аударып қана қоймай, оның әр тарауы ғылыми тұрғыда зерттеген.

Исиля Рахимова, аудармашы:

- Өзге тілдерден енген сөздер туралы оқу қызық болды. Мысал ретінде 60 кесте келтірілген. Әлі күнге дейін орыс тілінде қолданылып жүрген түркі сөздері жөнінде айтылған.

Кітапты басып шығарушы редактор – мемлекеттік премияның лауреаты Четин Жумагулов. Ал рецензияны профессор Кадыралы Конкобаев жазған. Қос ғалым көптеген ұлттық мәдениетке арқау болған түркі әлеміне танымал ғылыми еңбектерімен белгілі. 

Мар Байджиев, жазушы:

- Негізінде түркі идеологиясы ұлтшыл емес. Ұлылығы да осында жатыр. Ол – бірігуге, достыққа, өз отаны, жері мен халқын қорғауға бағытталған идеология.

Қырғыз тіліндегі «Аз и Я» Қазақстан елшілігінің қолдауымен жарық көрді. Туындының тұсаукесері Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы мақсаттарды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шарада өтті. Қырғыз тіліндеге кітаптың тиражы – мың дана. Туынды түгелімен Қырғызстан кітапханаларына таратылады. Бұл жергілікті студенттерге Олжас Сүлейменовтің шығармасымен танысуға мүмкіндік береді.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы