369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің өнер ұжымы «Золотой Витязь-2018» театр форумына қатысты

  • 112
  • UPD: 23:44, 03.12.2018

Мәскеуде XVI «Золотой Витязь-2018» халықаралық театр форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Шараға Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Шекспирдің «Отелло» қойылымымен қатысты. Қоюшы-режисер болып Қазақстанның халық әртісі, профессор Талғат Теменов, ал рөлін талантты жерлесіміз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев, Дездемонаны Ақмарал Танабаева сомдады. Фестивальде Қазақстаннан басқа Ресей, Болгария, Грузия елінен келген театрлар да өнерін көрсетті.

Талғат Теменов, спектакльдің режиссері:

- Мәскеудегі «Золотой Витязь-2018» халықаралық театр форумына келгенімізге өте қуаныштымыз. Біз үшін бұл үлкен мәртебе. Қазылар алқасында өз істерінің хас шеберлері отыр. Отелла-Шекспирдің өте күрделі пьессасы. Іріктеу комиссиясы біздің қойылымды таңдады. Бұл үлкен жауапкершілік болғандықтан сәл қобалжу бар.

Наталья Полукровка, «Золотой Витязь» халықаралық өнер форумының жобалар директоры:

- Фестивальдің сахынасында қазақ театрын көргеніме өте қуаныштымын. Олар осымен екінші рет қатысқалы отыр. Осыдан екі жыл бұрын да «Тыраулап ұшқан тырналар» спектаклімен басты жүлде ұтып алған болатын. Биыл Армения, Сербия, Қазақстан, Румыния мен Ресей де қатысты. Келесі жылы Грузия, Беларусь және Украина қайта қатысады деген үміт бар.

Осы категория бойынша: « «Астана Опера» театрының хор ұжымы Ресей халқын тамсандырды Павлодарда дала сұлуларының көрмесі ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы