377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық тағы бір комедия жарыққа шығады

  • 353
  • UPD: 14:48, 11.12.2018
Отандық тағы бір комедия жарыққа шығады Brod.kz

«Свадьба КЗ».

Осындай атаумен жаңа кино жарыққа шығады, деп хабарлайды «Хабар 24». Басты рөлде белгілі актер – Тәуекел Мүсілім. Бас продюсері – Жан Мұқанов. Туынды барынша шынайы өмірге негізделген. Яғни Тәуекел өмірдегі өзінің рөлін сомдамақ. Бойдақ шағы, жарын таңдауы картинада көрініс табады. Романтикалық комедия жанрындағы туынды желтоқсанның 13-інен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

Жан Мұқанов, фильмнің бас продюсері:

- Қазақстандықтар комедияны жақсы көреді. Бірақ мұны қатты комедия деп айтуға болмайды. Романтика бұл жерде. Ерекшелігі, осы кино басқадан қарағанда таза Тәуекелдің өзі туралы деп айтуға болады. 70-80 пайыз өзінің өмірі.

Хабар 24 телеарнасы