376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісулық оқушылар жәдігерлер тарихымен танысты

  • 213
  • UPD: 00:13, 19.12.2018

«Ұлы даланың жеті қырын» жетік білгісі келген Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылының оқушылары өлкетану мұражайына барып жәдігерлер тарихымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жасөспірімдер туған жердің тәуелсіздікке дейінгі тылсым сырын зерделеді.

Шелек ауылындағы бұл мұражай осыдан 37 жыл бұрын құрылған. Алайда мұндағы жәдігерлер тарихы орта ғасырдан бастау алады. Ауылдағы сегіз мектептің оқушылары мәдени орындарға келіп, ашық сабақ өткізуді қолға алды. Бұл жолы жасөспірімдер тәуелсіздігімізге дейінгі қазақ елі тарихы тақырыбын таңдапты. Мұржай мамандарының алдында білімдерін көрсетіп, жәдігерлерді кезеңдерге бөліп талдады.

Шахзат Асым, 10 сынып оқушысы:

- Алғашқы адамдардан бастап сақ жауынгерлерін білеміз. Өзіміздің музейімізден көріп отырғандай, қаншама жәдігерлер, қаншама экспонаттар табылған. Мысалы, экспонаттардың көбі осы Шелек ауданына тиесілі. Есіктегі қорғандар Ұлы даланың бір қырларына жатады деп есептеймін.

Ауыл мұражайының бір мақтанышы қазба жұмыстары кезінде табылған құмыралар. «Сегізінші ғасырға жататын жәдігерлер осы өңірдің тарихы тереңде екенін дәлелдейді, оны әлі зерттеу қажет», – дейді мұрағатшылар.

Дәркенбаев Ердос, «Шелек» тарихи-өлкетану мұражайының меңгеруішісі:

- Бауыржан Момышұлы көшесінде қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны Шелектегі кісі бізге сыйға тартты. Сегізінші ғасырдағы құмыра солай аталады екен. Ең алғашқы кезде Шілікті деген ағаш көп болған. Содан Шілікті деп атаған. Кейін кеңес үкіметінен бері қарай Шелек деп аталды.

Мектеп оқушылары «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында ғылыми жұмыстар жазып, облыстық білім сайыстарына қатыспақ. Оларға туған жердің тарихы туралы мәлімет пен жәдігерлерді жіті танып-білуге мұражай мамандары көмектеседі.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы