378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандағы қазақтілді газет екі елдің достығы жайлы жазбақ

  • 482
  • UPD: 23:45, 21.12.2018

Өзбекстанда қазақ тілінде таралатын «Нұрлы жол» газеті келер жылы тұтастай бір бетін екі елдің достығына арнамақ, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Тілшілер қауымы көрші елдегі Қазақстан жылына орай өтетін шаралардың барлығын қамтуды жоспарлап қойған. Бетті «Қазақ-өзбек достығы мәңгілік» деп атапты. Қаламы қарымды журналистер қос елдің бірлігін бекемдеуге өз үлестерін осылайша қоспақ. Өзбекстанның тәуелсіздігімен түйдей құрдас басылым бастапқыда «Достық туы» деген атаумен жарыққа шыққан екен. Газеттің ең алғашқы санына қос ел басшысы тілек білдірген. 27 жылдық тарихы бар тұпнұсқа әлі күнге дейін редакцияда сақтаулы тұр. Содан бергі аралықта басылым билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналған. Отыз үш миллионға жуық тұрғыны бар елдегі жалғыз ғана қазақ тілінде таралатын газет түрлі-түсті форматта басылады. Басылым елдегі саяси реформадан бастап әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған бағдарламаларды толық қамтиды. Достық пен қос елдің ынтымағын ту еткен газеттің жақында тарихи саны жарық көрмек.

Жұмагүл Әлімбекова, «Нұрлы жол» газетінің жауапты хатшысы:

- Бүгін Өзбекстан Республикасындағы қазақтардың төл газеті «Нұрлы жолдың» 2640-нөмірі шығып жатыр. Яғни бұны тарихи басылым десек те болады. Бұл басылым осы Өзбекстандағы шығып жатқан қаулылардың, жарлықтардың, өкімдердің барлығын қазақ тіліне аударып, қазақ өкілдеріне жеткізіп жатырмыз. Біздің газетте көптеген айдарлар бар. Газетімізде әлеуметтік-саяси тақырыптан бастап жеке тұрмыстық, күйбің тіршілік туралы да тақырыптар қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы