379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда танымал суретшінің 70 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті

  • 546
  • UPD: 10:25, 05.01.2019

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық белгілі суретші Алексей Уткиннің 70 жылдығына арналған «Мен осындай әр қилымын» атты көрмесі ашылды.

Экспозицияда суретшінің 150-ден аса кескіндеме, графика, авторлық портреттік туындылары ұсынылған.

Алексей Уткиннің көрмесіне келген көрермен қала пейзаждарын көріп, таңдай қағатыны анық. Күнделікті тіршілікте біз мән бермейтін көріністер, суретші қаламынан ғаламат туынды болып өрілген. Түстердің үйлесімділігінен оның ішкі сезімін, ерекше көңіл күйін аңғаруға болады. Әр картинасында қаланы әр қырынан көрсетуге тырысқан. Соңғы жылдары жаңашылдыққа бет бұрған.

Самал Мамытова, Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің ғылыми қызметкері:

- Алексей Уткин соңғы жылдары осы қалалық пейзаждармен қоса көбінесе абстракциялық  кескіндемеге бой алады. Абстракциялық кескіндеме Уткиннің шығармашылығының жаңа беті болып табылады. Абстракциялық түс арқылы жаңа форма құрап, жаңа кеңістік құрайды. Яғни, бұл жұмыстарында өзінің неондық палитрасы арқылы бедерлі фактура, монументалдық, бір қаталдық сезіледі. 

Алтай өңірінде дүниеге келген суретші есту қабілеті төмендерге арналған Ленинград көркем-сурет техникумын, Алматы Мемлекеттік театр және көркем сурет институтын тәмамдаған.  Алматыдағы есту қабілеті төмен балаларға арналған мектепте сурет сабағынан дәріс бере жүріп шыңдалған суретші шығармашылық құпиясымен бөлісті.

Алексей Уткин, суретші:

- Тапсырыспен салатын портреттер өте қиын туады. Мен адамдармен араласқанда көңілімнің пернесін тап басатын, жүрегімді елжірететін жандар болады. Ондай кезде тез-ақ, портрет дүниеге келеді. Жалпы шығармашылығымның діңгегі махаббат дер едім. Мені суретші еткен сол сезім.

Алматының әр мезгілдегі әсем көрінісі мен портреттер жиынтығы қойылған суретшінің көрмесі 20 қаңтарға дейін жалғасады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы