389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына арналған кеш өтеді

  • 1185
  • UPD: 16:38, 21.01.2019
Астанада Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына арналған кеш өтеді

Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақстанның халық ақыны, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Мен жалындап өтемін» атты музыкалық әдеби кеш өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Фариза Оңғарсынова аса көрнекті ақын, қоғам қайраткері бола білді. Ол өзінің өміршең, отты жырларымен халықтың ыстық ықыласына бөленіп, елдің жұмыр жүрегінен мәңгілік орын таба білді.

Бүгінгі таңда поэзия патшайымының өлеңдерін күллі қазақ баласы сүйіп оқып, жатқа айтады. Себебі, ақынның өлеңдерінде ұлттық рух, мөлдір махаббат, тербеткен сағыныш бар. Ал, композиторлар қауымы болса, оның өлеңдерін сүйіп қана қоймай, ақынның сүбелі сөздеріне небір мағыналы, мазмұнды әндер шығарып жүр.

Кеш аясында аяулы ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әсем әндер шырқалады. Концертті тамашалауға келген патша көңілді көрермен «Жаным-дала, көгінен бұлт арылмай», «Айналайын, Оралым», «Қимастарым», «Фариза, Фариза жан, Фариза қыз» т.б туындыларды тыңдап, рухани азық алады.

Хабар 24 телеарнасы